РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

2014 жылға қарай жер қойнауын пайдалану Кодексін әзірлеп шығу қажет - Н.Радостовец

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде біз үшін жер қойнауын пайдалану заңнамасынан бұрын осы салада арнайы Кодексті қабылдаған тиімді.Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің IV съезінде ҚР Тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец осылай айтты.

«Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстанның тау-кен металлургия саласына 2 трлн. теңгеден астам қаржы салынды. Алайда ол тым аз. Сондықтан осы мәселе қарастырылған кезде, үнемі жер қойнауы туралы Кодексті қабылдау мәселесі туындайды. Қазіргі кезде 90 беттік «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң бар. Біз оны жатқа білеміз. Ал Қазақстандағы ірі компаниялар аталған құжаттың Кодекс үлгісінде қабылданғанын қалайды. Онда жер қойнауын пайдалану бойынша атқарылатын барлық шаралар тәптіштеп жазылуы қажет», – дейді Н.Радостовец. Оның хабарлауынша, Моңголия мен Чилиде жер қойнауын пайдалануды көздейтін Кодекс қабылданғаннан кейін ол салаға шет елдерден қыруар қаржы тартылды. Ондай құжаттар Франция, Бразилия және Канада сияқты елдерде де бар.

Н.Радостовецтің сөзіне қарағанда, бүгінде ҚР Тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы «Қазэнерджи» ұйымымен бірлесе отырып, Кодекстің тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Бұл жұмысқа ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, сондай-ақ ҚР Мұнай және газ министрлігі де атсалысуы қажет. «Бұл құжатты 2014 жылға дейін әзірлеп шығу керек. Себебі дәл сол кезде Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасының екінші бесжылдығы басталады», – деп атап көрсетті Н.Радостовец.

Яндекс.Метрика