РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

Астанадағы аффинаж зауытын бірлескен консорциум басқаруы тиіс - Н.Радостовец

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат – Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында басталған Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің IV съезінде ҚР Тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Родостовец Астанадағы аффинаж зауытын басқаратын консорциуымды құруды ұсынды.«Қазіргі кезде аффинаж зауытының цехтары жабдықталды. Алайда бірыңғай экономикалық кеңістік аясында аталған өндірісті іске қосу қиынға соғады. Оны бәріміз жақсы түсінеміз. Мемлекеттің қаржысына салынған бұл зауытқа біз өз көмегімізді беруге даярмыз. Ол үшін «Тау-кен Самұрық» пен осы саладағы компаниялардың қатысуымен консорциум ашуды ұсынамыз. Ол арқылы Астанадағы аффинаж зауытын басқаруға болады», – дейді Н.Родостовец.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау Астанада ашылатын аффинаж зауытының Кедендік одақ аясында да зор сұранысқа ие болатындығына сенім білдірген еді. Қазіргі уақытта Қазақстанның өзі жыл сайын өндіретін 44 тонна алтынның тең жартысын шетелде өңдейді. «Аффинаж зауыты ашылғаннан кейін Кедендік одақ елдері де бізде өз алтындарын құяды деп сенеміз. Әйтпесе, бүгінде олар бұл жұмыстың барлығын Швейцарияға тапсырып қойған», – деген болатын вице-министр. Астанадағы аффинаж зауытының құрылысын ағымдағы жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр. Ол жыл сайын 25 тонна алтын және 50 тонна күміс өңдей алады.

Яндекс.Метрика