РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

Сараптамалық қызмет

Қауымдастықтың басым бағыты жеке кәсіпкерлік субъектілерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптау болып табылады.

«Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген рәсімдер шеңберінде ТМКҚ Қауымдастық мүшелерінің шоғырланған ұстанымын білдіре отырып, республикалық деңгейдегі биліктің атқарушы органдары жанындағы сарапшылар кеңестерінің құрамына кіреді. ТМКҚ ҚР 14 министрлігі мен ведомстволарында аккредиттелген, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентінің жұмыс топтары шеңберінде заң жобаларын талқылауға қатысады.

Оған қоса, Қауымдастық Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Бағдарламаның, 2030 жылға дейін тау-кен металлургия саласын дамытудың мастер-жоспарын қоса әзірлеуші болып табылады.  






Яндекс.Метрика