РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

ТМКҚ туралы қысқаша

Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ) Қазақстан Республикасы тау-кен секторы кәсіпорындарының бастамасы бойынша салалық министрліктің қолдауымен 2005 жылы құрылды. Қауымдастық Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген.

Бүгінде ТМКҚ Қазақстанның аса ірі салалық бірлестігі болып табылады, оның құрамына қара және түсті металлургия, уран және көмір өнеркәсібінің 90 компаниясы кіреді, олар атап айтқанда Еуразия Тобының кәсіпорындары, «АрселорМиттал Қазақстан» АҚ, «Қазақмыс» «Корпорациясы» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ, «Богатырь Комир» ЖШС, Rio Tinto және басқалар. 

Біздің миссиямыз
Біздің миссиямыз мемлекеттік билік органдары мен бизнес-қоғамдастығы арасындағы ашық және сындарлы диалогқа ықпал ете отырып, Қауымдастықтың құрамына кіретін компаниялардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

ТМКҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарының негізінде Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінде жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін күш салуға ұмтылады.

ТМКҚ-ға мүшелікке кіру


Яндекс.Метрика