РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

Тәуелсіз біліктілік сәйкестігін растау және оны беру

«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ базасында тәуелсіз бағалау және біліктілік беру жөніндегі орталық құру

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевтың 2012 жылғы 21 ақпандағы № 20-46/И-150 хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (ТМКҚ) өз базасында пилоттық режимде тәуелсіз бағалау және біліктілікті растау жүйесін (ТББ) құру жұмыстарын жүргізуде.

ТББ құру жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында KazEnergy қауымдастығы мен ТМКҚ бастамасы бойынша Салааралық жұмыс тобы құрылып, жұмыс істеуде, салаларда ТББ құру мақсатында оның құрамына мүдделі министрліктер мен ведомстволар, ұйымдар мен қауымдастықтар кірді.

«Кәсіпкер» холдингі» ҰАҚ әзірлеп жатқан ТББ институциондық моделі шеңберінде ТМКҚ мынадай іс-шараларды жүзеге асырды:

1) ТжКБ жүйесінің оқу орындары дайындайтын тау-кен металлургия кешені бойынша мамандықтарға талдау жасалды және орта мерзімді перспективаны ескере отырып, нарықта ең қажетті 15 мамандық анықталды (ТМК кәсіпорындарының инвестициялық жобаларына байланыстырылған);

2) 15 барынша қажетті мамандықтар бойынша біліктілік талаптары әзірленді, оның негізінде тау-кен металлургия саласында ТББ енгізу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде сертификататудан өтуге арналған тесттік тапсырмалар (теориялық және практикалық) әзірленетін болады. 

ТжКБ түлектеріне қойылатын біліктілік талаптары жұмыс берушілердің, ТжКБ жүйесі оқу орындарының, тәуелсіз сарапшылар мен шетелдік консультанттардың қатысуымен әзірленді. 

Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының барынша шоғырлануы мен дамыған білім беру инфрақұрылымының болуын ескере отырып, біліктіліктерді тәуелсіз бағалау жүйесін өңірлік дамыту мәселесі пысықталуда. Осы мақсатта ТМКҚ тау-кен металлургия саласы мамандарын дайындаутын ТжКБ жүйесінің оқу орындарының материалдық-техникалық базасын зерделеу үшін Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлеріне сапарлар ұйымдастырды. 

2012 жылғы 13 маусымда техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлауды дамыту жөніндегі Өңірлік кеңестің Қарағанды облысында облыс әкімі Ә. Құсайыновтың төрағалығымен өткен отырысы шеңберінде Қарағанды облысы әкімдігі мен ТМКҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  Ынтымақтастықтың негізгі бағыты облыста ТББ дамыту, кәсіптік стандарттарды әзірлеу, еңбек нарығына талдау жасау т.б. болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік-техникалық білім беруге қолдау көрсету» атты Еуроодақ жобасы шеңберінде Дания Корольдігі мен Германия Федеративтік Республикасының ТББ жұмыс тәжірибесі зерделенді. Негізгі қорытынды бүгінде Қазақстанда енгізіліп жатқан көрсетілген елдердің прогресивті тәжірибесінің сәйкестігі болып табылады, онда мамандардың біліктілігін барлық деңгейде бағалауды жұмыс беруші бірлестіктері салалық бағыттылықты ескере отырып, жүзеге асырады.   

2012 жылғы шілдеде өткен Қазақстан тау-кен өнеркәсібі жұмыскерлерінің ІІІ съезі қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарының делегаттары тау-кен металлургия саласында ТМКҚ базасында  ТББ енгізу жөніндегі ұсынысты қолдады.

Қазіргі кезде ТМКҚ қатысуымен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тау-кен металлургия саласында мамандардың сәйкестігін растау және біліктілік беру қағидаларының жобасын әзірледі. Жоба келісудің соңғы кезеңінде және таяу арада бекітілетін болады. Осылайша ТМК-да ТББ енгізу үшін қажетті құқықтық база жасалды. 

ТМКҚ бастамасы бойынша 2012 жылғы 3 қазанда ҚР ИЖТМ жанындағы тау-кен металлургия саласына арналған техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлауды дамыту жөніндегі Салалық кеңесті үшінші отырысы өткізілді, онда тау-кен металлургия саласына пилоттық режимде ТББ енгізу мәселесі қаралып, ТМКҚ-ның 15 мамандық бойынша біліктілік талаптарын әзірлеу жөніндегі жұмысы нәтижелері таныстырылды. 

ТМКҚ қызметкерлері «Сәйкестікті бағалау. Персоналға сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын жалпы талаптар» ИСО/МЭК 17024 бойынша American National Standards Institute (ANSI) сарапшыларын тарта отырып, «НЦА» ЖШС ұйымдастырған оқытудан өтті, ол пилоттық жоба шеңберінде қауымдастықтардың аккредиттеуден өтуі және қауымдастықтар базасында ТББ орталықтарының жұмысын бастау үшін қажет.  

ТМКҚ базасында сертификаттау орталығын (персоналды бағалау және сәйкестігін растау органы) құру жөніндегі дайындық жұмыстары шеңберінде арнайы құрылымдық бөлімше – HR жобалары жөніндегі департамент құрылды, оның жұмысы Сәйкестікті бағалау. Персоналға сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын жалпы талаптар» ИСО/МЭК 17024 талаптарына сәйкес келтірілді. Осылайша ҚР СТ ИСО/МЭК 17024-2012 ұлттық стандарты бекітілгеннен кейін ТМКҚ аккредиттеуге арналған барлық рәсімдерді өтуге дайын болады.



Яндекс.Метрика