РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

Қазақстанның ТМК саласы туралы

Тау-кен металлургия кешені – бұл Қазақстан өнеркәсібінің барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Онда негізгі кәсіптегі 164,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Қазақстанда хром кенінің әлемдік қорының 30%-ы, марганец кенінің - 25%-ы, темір кенінің -10%-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордың тиісінше 10% және 13%-ын құрайды. Қазақстан Республикасының жалпы геологиялық көмір қоры мен болжамды ресурстары 150 млрд. тоннаға бағаланады. Осылайша Қазақстан мырыш, вольфрам, және бариттің барланған қоры бойынша бірінші орынды, күміс, қорғасын, хромиттер мен уран бойынша – екінші, мыс бойынша – үшінші, молибден бойынша – төртінші, кобальт бойынша – бесінші, алтын мен көмір бойынша алтыншы, алтын бойынша – жетінші орынды иемденеді. Менделеев кестесінің 105 элементі ішінде Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент анықталған, 70 элемент бойынша қорлары барланған, 60-тан астам элемент өндіріледі.

Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары 

Пайдалы қазбалар түрі 

Теңгерімді қорлар (тонна)

Әлемдегі орны (қорлар бойынша)

Әлемдегі орны (кенде қамтылым бойынша)

Темір кені 

18 600 000 000

6

7

Марганец кені

635 200 000

4

10

Хром кені

382 700 000

2

1

Бокситтер 

365 400 000

12

н/д

Қорғасын

17 200 000

5

41

Мырыш

39 800 000

5

40

Мыс

39 300 000

12

63

Титан

24 100 000

10

15

Вольфрам

2 100 000

1

25

Алтын 

2 232,6

15

2

Күміс 

53 204

4

31

Қалайы

69 300

10

23

Уран

1 600 000

2

д/ж

Тас көмір 

150 000 000 000

8

д/ж

Қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша республика 70 тау-кен өндіруші державалардың ішінде 13-ші орынды иемденеді.

Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті металлургия өнеркәсібінде жаңа өңдеуші өндірістерді кезең-кезеңмен құру, жоғары технологиялық өнімдер өндірісін өсіруді және сыртқы нарыққа оның экспортын ұлғайтуды да, ішкі нарық тұтынушылары қажеттіліктерін қанағаттандыруды да қамтамасыз ететін қосылған құны жоғары өнім шығару болуға тиіс. 

2012 жылы Қазақстан ТМК 2 817 млрд. теңгеден астам өнім өндірді, бұл Республика ЖІӨ 9,4%-ына барабар. Бұл ретте металлургия саласы өндірген өнім құны 1 935 млрд. теңгені құрады, ал 2012 жылы тау-кен өнеркәсібі өндірген өнім 882 млрд. теңгеге бағаланды.

2012 жыл қорытындысы бойынша елдің жалпы өңдеуші өнеркәсібі өндірген өнім көлемінің 36,8 пайызы металлургия өндірісі үлесіне тиесілі болды. 

Қазақстан ТМК өндірісінің ұлғаюы қарқынына соңғы жылдары жаңа зауыттар салу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын ұлғайту және оларды реконструкциялау ықпал етті. 2005-2011 жылдар кезеңінде ТМК-дағы инвестициялардың жиынтық көлемі 2 026 млрд. теңгені құрады, олардың 788 млрд. теңгесі түсті металдар кенін өндіруге байланысты инвестицияларға, 197 млрд. теңгесі – темір кенін өндіруге, 362 млрд. теңгесі – қара металдар өндірісіне, 679 млрд. теңгесі – түсті және асыл металдар өндірісіне тиесілі.

2012 жылы Қазақстанда 52 577 мың тонна темір кені (2011 жылмен салыстырғанда +1,5%), 38 353 мың тонна мыс кені (+11,2%), 4 806 мың тонна мыс-мырыш кені (-1%), 5 170 мың тонна бокситтер  (-5,9%), 2 942 мың тонна марганец кені (-0,2%), 5233 мың тонна хром кені (+3,4%) өндірілді. Республикада 2012 жылы тас көмір өндіру көлемі 107253,7 мың тоннаны, қоңыр көмір - 7715,4 мың тоннаны құрады.

Қара және түсті металдар кенін өндіру көлемі (мың тонна)

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша Қазақстанда ферроқорытпа өндірісінің көлемі 1 724 млн. тонна (2011 жылмен салыстырғанда +3,3%) болды, олардың ішінде феррохром үлесіне 1 305 566 тонна, ферросилиция – 492 тонна, ферросиликомарганец – 251 445 тонна, ферросиликохром – 164 854 тонна тиесілі. ҚР-да тазартылмаған болатты шығару 2012 жылы 3,770 млн. тоннаны (2011 жылмен салыстырғанда -21,6%) құрады, бұл ретте 2 373 мың тонна тегіс прокат, 464 046 тоннамырышталған прокат, 147 383 тонна ақ қалайы және күйдірілген табақ прокаты шығарылған.

Түсті және асыл металдарды өндірумен айналысатын Қазақстан кәсіпорындары 2012 жылы 958,4 тонна тазартылған күміс, 21,1 тонна тазартылған алтын, 250 269 тонна бастапқы алюминий, 319 847 тонна мырыш, 366 482 тоннатазартылған мыс шығарған. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің нақты көлем индексі (алдыңғы жылға  %-бен)

Экономикалық қызмет түрі 

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді әзірлеу 

107,3

103,6

105,9

107,2

107,2

101,3

100,2

Көмір мен лигнит өндіру

111,2

96,1

120,0

90,8

104,4

106,0

101,7

Темір кенін өндіру 

111,5

105,0

87,6

100,1

113,4

101,7

100,9

Түсті металдар кенін өндіру 

109,0

106,2

108,4

107,3

105,7

99,9

106,1

Өңдеуші өнеркәсіп 

107,2

108,6

97,5

97,1

113,9

106,2

100,7

Қара металлургия 

101,5

113,0

86,6

101,6

109,4

105,6

88,0

Негізгі асыл және түсті металдар өндірісі 

107,2

99,6

104,5

92,0

115,7

107,2

106,9

Машиналар мен жабдықты қоспағанда, дайын металл бұйымдар өндірісі 

132,0

134,7

93,3

102,4

98,2

112,2

97,8

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Бүгінде Қазақстан тау-кен металлургия кешені шикізат экспортына және бастапқы металдар өндірісіне бағдарланған. Мысалы, елдің жалпы экспорты көлеміндегі металлургия үлесі 2012 жылы экспорттың жалпы көлемінің 11,9 пайызын құрады. Төменде ТМК-ның экспортталатын өнімінің негізгі түрлерінің тізбесі, сондай-ақ бұл өнімді импорттаушы елдердің тізімі берілген.

Қазақстан ТМК өнімі экспортының негізгі бағыттары 

Өнім түрі 

Негізгі импорттаушы ел

Көмір 

Ресей

Темір кені мен шөкемтастар 

Ресей

Сазбалшық (алюминий оксиді)

Ресей

Алюминий

Ресей, Қытай

Ферроқорытпалар

Қытай, Ресей, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея

Мырыш

Қытай, Италия, Нидерланды

Қорғасын

Швейцария, Испания

Мыс

Қытай, Ұлыбритания

Алтын

Швейцария, Италия, БАӘ

Күміс

Ұлыбритания, Германия және Швейцария

Сирек және жерде сирек кездесетін металдар 

АҚШ, Жапония, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Ресей

Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің деректері негізінде 

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның металлургия саласында 62 кәсіпорын жұмыс жасайды. Бұл ретте ҚР ИЖТМ Геология комитетінің деректеріне сәйкес республикада жалпы таралған пайдалы қазбалардың 1115 жер қойнауын пайдаланушы, қатты пайдалы қазбалардың 241 жер қойнауын пайдаланушы және жер асты суларын өндірумен айналысатын  158 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.


Қазақстанның аса ірі ТМК кәсіпорындарына мыналар жатады:


ENRC — минералдық ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласында әлемдегі ірі топтардың бірі, оның ықпалдасқан  өндіруші, қайта өңдеуші, энергетикалық және логистикалық кәсіпорындары бар.


«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС – толықтай ықпалдасқан компания, оның қызметі кен өндіруден бастап тауар металын өндіргенге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.  Компанияның негізі қызметі мысты өндіру және сату болып табылады. Мыс өндіру бөлімшесі жанама өнімдер ретінде мырыш, күміс және алтын сияқты басқа да металдарды үлкен көлемде өндіруді жүзеге асырады.


«Қазмырыш» ЖШС — жанама мыс, асыл металдар мен қорғасынның көп көлемін шығаратын ірі ықпалдасқан мырыш өндіруші.


«АрселорМиттал Теміртау» АҚ —Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия секторының аса ірі кәсіпорны, меншікті көмір, темір кені және энергетика базасы бар ықпалдасқан тау-кен металлургия кешенін білдіреді.


«Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» — Қазақстанның уран және оның қосылыстары, сирек металдарды, атом энергетика станцияларына арналған ядролық отынды, арнайы жабдықты, технологиялар мен қосарлы мақсаттағы материалдарды экспорттау жөніндегі ұлттық оператор.

«Богатырь Көмір» ЖШС — Қазақстанда ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша серпінді дамып келе жатқан аса ірі компания. Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмір көлемінің 70%-ы Компания үлесіне тиесілі.


Сондай-ақ, Республиканың ірі металлургия кәсіпорындарына «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Теміртау электрлі-металлургия комбинаты» ЖШС, «Тараз металлургия комбинаты» ЖШС, «KSPSteel» ЖШС т.б. жатады.

Яндекс.Метрика