РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АССОЦИАЦИЯ ГОРНОДОБЫВАЮЩИХ И ГОРНО-МЕТАЛЛУРГИЧЕСКИХ ПРЕДПРИЯТИЙ

Тау-кен металлургия саласы жұмысшыларының әлеуметтік мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керек - Н.Назарбаев

АСТАНА. 13.06.2013. ҚазАқпарат – Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің IV съезі ашылды. Осыған орай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев съезд қатысушыларына өз құттықтауын жолдады.Съезд жұмысын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ашып, Президенттің құттықтау сөзін жеткізді.

«Болашақта Қазақстанның тау-кен металлургия саласы өзінің даму қарқынын сақтап, еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз болып қала береді деп сенемін. Меніңше, Үкімет пен ірі өндіріс компаниялары бүгінде тау-кен металлургия саласы жұмысшыларының әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше ден қоюлары қажет. Оған кәсіби қауымдастықтар мен салалық бірлестіктер де белсене қатысуы міндет. Үкіметпен арадағы диалогты үзбей, үнемі жаңа ұсыныстар мен идеяларды жасап отырған жөн», – делінген Елбасының құттықтауында.

Өз сөзінде Ә.Исекешев атап көрсеткендей, бүгінде тау-кен металлургия саласында қордаланып қалған мәселелер баршылық. Дегенмен, оның барлығын шешу жолында да тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Мәселен, геология және жер қойнауын пайдалану заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты 170 ұсыныс даярланды», – дейді ол.

Яндекс.Метрика