Серіктес болу
ТМКҚ-ға мүшелік кәсіпорынға тау-кен металлургия кешенінің бірыңғай ұстанымын қалыптастыруға қатысуға, салалық алаңдарда компания мүдделерін білдіруге және қызметтің өзекті мәселелері бойынша кәсіби қолдау алуға мүмкіндік береді.
ТМКҚ-мен серіктестіктің артықшылықтары мен мүмкіндіктері
Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығымен (ТМКҚ) серіктестік бизнесті дамытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның тау-кен металлургия кешені нарығында өнімдерді, технологиялар мен қызметтерді ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер ашады.
ТМКҚ тау-кен өндіру өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, уран және көмір салаларының кәсіпорындарын біріктіреді әрі бизнес, салалық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы үшін алаң қызметін атқарады. Ынтымақтастықтың серіктестік форматы Қауымдастыққа мүше емес компанияларға сала кәсіпорындарымен іскерлік байланыстар орнатуға, өз құзыреттерін таныстыруға және ТМКҚ-ның кәсіби бастамаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Негізгі артықшылықтар мен мүмкіндіктер
- Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарымен іскерлік байланыстарды дамыту.
- Өнімдерді, технологиялар мен қызметтерді ілгерілету.
- Ақпараттық қолдау.
- Салалық іс-шараларға қатысу.
- Сараптамалық өзара іс-қимыл.
- Экономикалық мүдделерді қорғауға жәрдемдесу.
- Іскерлік бедел мен саладағы ықпалды нығайту.
ТМКҚ-ның серіктесі кім бола алады
Серіктестік қызметі тау-кен өндіру және тау-кен металлургия өнеркәсібінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған компаниялар мен кәсіпкерлерге арналған.
Әлеуетті серіктестер қатарында:
- Өнеркәсіптік жабдықтар, арнайы техника, қосалқы бөлшектер мен толымдауыштар өндірушілері және жеткізушілері.
- ТКМК кәсіпорындарына шикізат, материалдар және басқа да өнімдер жеткізетін компаниялар.
- Геология, жер қойнауын зерттеу және іздестіру жұмыстары саласындағы ұйымдар.
- Инжинирингтік, жобалау, технологиялық және сервистік компаниялар.
- Цифрлық шешімдер мен өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелерін әзірлеушілер және жеткізушілер.
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласында шешімдер ұсынатын компаниялар.
- ТКМК кәсіпорындары үшін мамандандырылған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұсынатын басқа да ұйымдар.
Серіктес мәртебесін ТМКҚ мүшесі болып табылмайтын, Қауымдастықтың мақсаттары мен қызмет бағыттарын қолдайтын және Серіктестік туралы ереженің талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар ала алады.
ТМКҚ-ға қалай серіктес болуға болады
Серіктес мәртебесін алу үшін ТМКҚ-ға ресми өтініш пен белгіленген құжаттар топтамасын жолдау қажет.
Қауымдастық өтінімді бес жұмыс күні ішінде қарайды. Серіктес мәртебесін беру туралы шешім серіктестік туралы келісімге қол қою арқылы ресімделеді, содан кейін мәліметтер ТМКҚ серіктестерінің тізіліміне енгізіледі.
Серіктестік міндетті серіктестік жарнасын төлеуді көздейді, оның мөлшері мен төлеу мерзімділігі Қауымдастықтың ішкі құжаттарымен айқындалады.
Ынтымақтастық шарттары, серіктес мәртебесін беру тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат төменде жүктеп алуға қолжетімді құжаттарда берілген.
+7 7172 689 601 mail@agmp.kz