2025 жылғы 25 желтоқсан. Еңбек құндылығы басымдыққа айналуы тиіс
EXPO конгресс-орталығына жүздеген қонақ жиналды. Еліміздің барлық өңірінен келген жұмысшы мамандықтарының өкілдері Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысын шығаруға арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Форумның құрметті қонақтары қатарында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-Министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және халықаралық ұйымдардың басшылары болды.