2026 жылғы 17 маусым. Кеншілер мен металлургтер алаңға шығады: Астанада ТМКҚ кубогы өтеді
Астана екі күн бойы тау-кен металлургия саласының футбол астанасына айналады. Мұнда кәдімгі корпоративтік турнир шеңберінен әлдеқашан асып кеткен шағын футболдан үшінші ТМКҚ кубогы өтеді.
25–26 маусымда Астанада шағын футболдан үшінші ТМКҚ кубогы өтеді. Бұл – Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы ең ірі корпоративтік турнирлердің бірі.
Бірнеше жыл ішінде жарыс жетекші кәсіпорындар қызметкерлерін өндірістік міндеттер емес, ойынға деген құштарлық, командалық рух және спорттық бәсеке біріктіретін алаңға айналды.
Халықаралық деңгейге шығу мүмкіндігі турнирге ерекше тартымдылық береді. Кубок жеңімпаздары шетелдегі беделді әуесқойлар жарыстарында Қазақстанның атынан өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Мұндай тәжірибе бар: 2024 жылы «Қазақмыс» командасы Түркияда өткен Euro Business Cup халықаралық турнирінің қола жүлдесін иеленді.