2026 жылғы 12 маусым Көмір болашақтың стратегиялық ресурсы деп аталды
Көмір — өткеннің сарқыншағы емес, болашақтың стратегиялық ресурсы. Бүгін республикалық көмір өнеркәсібі форумында саланың бір жылға емес, алдағы ондаған жылға арналған нақты даму бағдарлары айқындалған Ұлттық жоспар таныстырылды.
Көміршілер, энергетиктер және мемлекеттік орган өкілдері ұстанымдарын үйлестіріп, нақты қадамдар жөнінде келісу үшін бас қосты. Бұл жолғы әңгіме ерекше болды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көмірмен электр энергиясын өндіруді дамытудың ұлттық жобасын таныстырды: жаңа жылу электр станциялары салынып, қолданыстағы қуаттар түбегейлі жаңғыртылады. Сонымен қатар Үкімет көмір өнеркәсібін дамытудың бірыңғай жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл құжат алғаш рет көмір өндіруді, логистиканы және энергетиканы біртұтас жүйеге біріктіреді.
НИКОЛАЙ РАДОСТОВЕЦ, ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯСЫ КӘСІПОРЫНДАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Көп адам көмірді жақпайық, газ жағайық деді. Алайда кейін анықталғандай, елде газ жеткіліксіз, ал көмірді тиісті технологиялары бар өркениетті елдердегідей жағуға болады. Қазір Үкімет көмірмен жұмыс істейтін жаңа энергия өндіру қуаттарын салу туралы шешім қабылдады. Егер Қазақстанда аса мол көмірді пайдаланып, зиянды шығарындыларға жол бермей, қоршаған ортаны ластамай жұмыс істей алсақ, неге қымбат электр энергиясын пайдалануымыз керек?