2026 жылғы 12 маусым Қазақстанда үш айда 29 млн тоннаға жуық көмір өндірілді
Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының дерегінше, осы кезеңде экспорт көлемі 7,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Соңғы жылдары елде жыл сайын 110 млн тоннадан астам көмір өндіріліп, 2025 жылы бұл көрсеткіш 120,5 млн тоннаға жетті.
Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовецтің пікірінше, саланың басты міндеттерінің бірі жылу электр орталықтары мен коммуналдық-тұрмыстық секторды қоса алғанда, ішкі нарықты көмірмен қамтамасыз ету болып қала береді. Оның айтуынша, өндіріс көлемі жеткілікті болғанның өзінде отын жеткізуді ұйымдастыруға байланысты тәуекелдер сақталып отыр.
— Алайда жеткілікті көлемде көмір өндірудің өзі тәуекелдердің болмауына кепілдік бермейді. Өңірлік өтінімдерді уақтылы қалыптастыру, операторлар жұмысының ашықтығы, қойма инфрақұрылымының болуы, вагондардың ырғақты берілуі және тұтынушылардың қорды алдын ала жинақтауға дайындығы маңызды, — деп атап өтті ол.