2026 жылғы 12 маусым. Қазақстан көмір қабаттарындағы метанды барлау және өндіру саласындағы инвесторларға қойылатын талаптарды жеңілдетуді жоспарлап отыр
Вице-министр Ерлан Ақбаровтың айтуынша, бұл бағытты дамыту экономикалық тұрғыдан ғана емес, кеншілердің қауіпсіздігі үшін де маңызды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Оның айтуынша, көмір саласы елдегі электр энергиясын өндірудің тұрақты негізі болып қала береді. Ол Қазақстанда сегіз көмір бассейні бар екенін, ресурстардың едәуір бөлігі болжамдық ресурстарға жататынын нақтылады.
— Бізде 8 шөгінді көмір бассейні бар, ондағы қор 230 миллиард тоннаны құрайды. Оның 33 миллиард тоннасы мемлекеттік баланста есепте тұр, ал қалған 207 миллиард тоннасы — болжамдық ресурстар, — деді вице-министр.
Ведомство сондай-ақ көмір химиясы мен көмір өңдеуді дамытуға басымдық беріп отыр. Спикердің айтуынша, бұл өнімнің қосылған құнын арттырып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Көмір қабаттарындағы метанның әлеуетіне, әсіресе Қарағанды бассейніндегі қорларға ерекше назар аударылуда. Оның айтуынша, Қарағандыда 2 трлн текше метр газ шоғырланған.