2026 жылғы 10 ақпан Декларациялар емес, жаңару тетігі
«Үшінші буын экономисі ретінде мен экономика мен саясаттың әрдайым өзара байланысты екенін жақсы түсінемін. Экономика саяси шешімдерді қалыптастырады, ал саяси реформалар өз кезегінде тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасайды.
Қазақстан соңғы жылдары сенімді даму қарқынын көрсетті: экономикалық өсім шамамен алты пайызды құрайды. Біз жас егемен мемлекетпіз, сондықтан бүгінде институттарды нығайтып, одан әрі ілгерілеуге негіз қалайтын реформаларды жалғастыру аса маңызды.
Ел басшылығы қолға алып жатқан шаралар – өзгеріс үшін ғана жасалатын өзгерістер емес. Бұл – мемлекетті жаңғырту және неғұрлым әділ әрі бәсекеге қабілетті экономика құру үшін қажет қадамдар. Ең бастысы, осы өзгерістердің өзегінде адам, оның құқықтары, мүмкіндіктері мен бастамалары тұруға тиіс.