2026 жылғы 28 қаңтар. Шикізаттан технологияға: Тоқаевтың жаңа бағыты ТМК үшін нені білдіреді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбаты елдегі экономикалық пікірталасқа жаңа бағыт берді. Мемлекет басшысы нақты ұстанымдарын білдірді: салықтар өсімді тежемеуі, жер қойнауы технологиялық егемендікке қызмет етуі, ал популизм кәсібиліктің орнын баспауы тиіс. Тау-кен металлургия кешені (ТМК) бұл тұжырымдарды қалай қабылдағаны және сала үшін Президенттің «бас лоббист» рөлі неліктен маңызды екені туралы Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (АГМП) атқарушы директорының бірінші орынбасары Максим Кононов BAQ.KZ басылымына берген сұхбатында айтып берді.
– Максим Сергеевич, сұхбатта ең көп талқыланған мәселелердің бірі Президенттің Салық кодексіне жеке араласуы – ҚҚС мөлшерлемесін 20%-дан 16%-ға дейін төмендету туралы тапсырмасы болды. Сала бұл қадамды қалай бағалайды?