2026 жылғы 22 қаңтар. Көмір генерациясына ұлттық жоба мәртебесі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жобаны іске қосуды тапсырды.
Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының (АГМП) атқарушы директоры Николай Радостовец:
«Мемлекет басшысы көмір энергетикасының стратегиялық маңызын атап өтіп, Қазақстанда қатты отынның орасан зор қоры – шамамен 33 миллиард тонна бар екенін еске салды. Қазіргі тұтыну деңгейінде көмір қоры 300 жылға жетеді. Жыл сайынғы өндіріс көлемі 110 миллион тоннадан асады, бұл елімізді әлемдегі алдыңғы қатарға шығарды.
«Көмір – біздің стратегиялық активіміз, оны қоршаған ортаға зиянды әсерін толық бейтараптандыратын жаңа технологияларды қолдана отырып, толық пайдалану қажет», – деп атап өтті Президент.