ТМКҚ тарапынан Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2017 жылы «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында жұмыс берушілерді кадрлар даярлау процесіне тарту мақсатында ТМКҚ «тау-кен металлургиялық және тау-кен өнеркәсібі кешені» және «геологиялық барлау» бағыттары бойынша кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысты. ТМКҚ жіктемелерін көрсете отырып, мамандықтарға жүйелеу жүргізді, сондай-ақ кәсіби стандарттардың жобаларын дайындады.
Елдің базалық салаларын технологиялық жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясы және оның серіктестерімен бірге ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жетекшілігімен, сондай-ақ басқа да бірқатар мүдделі ұйымдардың қолдауымен 2018 жылы ТМКҚ тау-кен өндіру саласының кәсіпорындарына бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша консалтингтік жәрдемдесу бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Бірлескен жобаларды іске асыру және тау-кен металлургия саласы үшін кадрлар даярлау мүмкіндігін іске асыру мақсатында, 2017 жылы ТМКҚ мен «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ арасында техникалық және кәсіптік білім беруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды,
Сондай-ақ, ТМК кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту процестеріне инновациялық тәсілдерді қолдану бойынша ғылыми-білім беру курстарын ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, ТМКҚ Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясымен бірлесіп мынандай тақырыптар бойынша курстар ұйымдастыратын болады:
• тау-кен өндірісін технологиялық жаңғыртудың әдіснамалық негіздері;
• тау-кен-көлік жұмыстарын процестік басқару экономикасы;
• тау-кен өндіру саласын тұрақты дамыту экономикасы.
Бұған қоса, ТМКҚ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, ТМК-нің кадрлар қажеттілігін айқындауға бағытталған жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ жаңғыртудың келешекте 2025 жылға дейін персоналдың ықтимал жұмыстан босауы мен жұмыскерлердің ықтимал ауысу ағынына ықпал ету ауқымын бағалайды.