Тау-кен металлургия кешені
Тау-кен металлургия кешені[1]— бұл неғұрлым бәсекеге қабілетті және Қазақстан өнеркәсібінің бірден бір қарқынды даму секторы.
Республикада хром кенінің әлемдік қорының30%, марганец кенінің — 25%, темір кенінің — 10% бар. Мыс, мырыш және қорғасын әлемдік қорының тиісінше 10% және 13% құрайды. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 анықталған, оның 70 бойынша қорға барлау жүргізілген, 60 көп элемент өндіріске енгізілген.
2015 жылғы жағдай бойынша Қазақстандадәлелденген көмір қоры 35 млрд. тоннаны құрады. Республика қазіргі уақытта АҚШ (237 млрд. тонна), РФ (157 млрд. тонна), ҚХР (115 млрд. тонна), Аустралия (76 млрд. тонна), Үндістан (61 млрд. тонна) жәнеГФР (41 млрд. тонна) сияқты елдерге жол бере отырып, әлемде жетінші орында.
2018 жылдың басында ТМК жұмысшылары санының тізімі 198,5 мың адам.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде ТМК-нің 2064 кәсіпорыны бар, оның: 85 ірі, 79 орташа және 1900 шағын. Өткен жылмен салыстырғанда ТМК кәсіпорының жалпы саны дайын метал бұйымдарын өндірумен айналысатын, шағын кәсіпорындар есебінен ұлғайды.
1-суреттегі сөздер: 2013 жыл 1 қаңтар, 2014 жыл 1 қаңтар, 2015 жыл 1 қаңтар, 2016 жыл 1 қаңтар, 2017 жыл 1 қаңтар, 2018 жыл 1 қаңтар
Шағын, Орташа, Ірі, Барлығы
Бұл ретте өндіру секторының орташа және ірі кәсіпорындарының көбі металлургия өндірісімен тігінен-интеграцияланған компаниялар болып табылады.
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес металлургия өнеркәсібінің негізгі басымдылығының бірі еңбек өнімділігін арттыру және экология мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғырту болып табылады.
Бұл ретте қара металлургиядағы негізгі басымдылық шетелдік инвесторларды тарту және ішкі тұтыну және әлемдік болат құю өнеркәсібі үшін қосындыланған болат,дәстүрлі және кешенді ферроқорытпа өнеркәсібі бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру; одан әрі фасондық илектен, метизден және тегіс илектен алынған дайын бұйымдарды шығару жөніндегі жұмыс істеп тұрған өндірісті дамыту болып табылады.
Түрлі-түсті металлургияның негізгі басымдылығына шетелдік инвесторларды тарту жәнемыс, алюминия, титан өндірісін одан әрі кеңейтуді, қорғасын, мырыш, никель және басқа да базалық металдардың өндірісі үшін жаңа кен орындарын әзірлеуді, жоғары қосылған құнмен дайын бұйымдар мен өнімдер (мыс құбырлар, мыссозбасы,алюминия листтері) өндірісін ұйымдастыруды, сондай-ақ ілеспе металдарды, оның ішінде жерде сирек кездесетін металдарды және сирек металдарды ала отырып, шикізатты кешінді қайта өңдеуді көздейтін инвестициялық жобаларды іске асыружатады.
2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде жаңа нарықтарға шығып, географиялық жеткізу аумағын кеңейтуге, шикізатты кешенді қайта өңдеуді кеңейтуге,геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізуге, минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылған.
Сондай-ақ Мемлекет Басшысының Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революциясының элементтерін енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігіне баса назар аударылған. Осыған байланысты Президент 2025 жылға дейінгі базалық салаларды (оның ішінде ТМК) технологиялық қайта жарақтандыру бойынша шаралар кешенін қабылдау бойынша үлкен міндет қойды.
ТМК өндіріс көрсеткіші
2017 жылғы ТМК өндіріс көлемі 5 831 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғыдан 20,5%артық және атап айтқанда 2016 жылы түрлі-түсті металлургия өндірісінің екі есе өсуіне және осы динамиканың 2017 жылы сақталуына байланысты.
млрд. теңге
Анықтамалық. ТМК «металл кенін өндіру», «көмір және лигнит өндіру», «металлургия өнеркәсібі»және «машина мен жабдықтардан басқа,дайын металл бұйымдары өндірісі» сияқты қызмет түрлерін қамтиды
2017 жылғы өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі тау-кен металлургия кешені (ТМК) өнімдерінің үлес салмағы 28,5 % құрады.
Көрсетілген кезеңде қатты пайдалы қазбаларды өндіруде елеулі өсу байқалады. Заттай мәнде түрлі-түсті металл кенін өндіру көлемі –144 001 мың тоннаны (ИФО 118,4 %), темір кенін өндіру көлемі –23 661,8 мың тоннаны (ИФО 132,1 %), көмір және лигнит өндіру – 430 555,6 мың тоннаны (107,3 %) құрады.
Металлургия өнеркәсібінде түрлі-түсті металл өндірісі 2 929 мың тонна (ИФО – 102,6 %), қара металлургия — 9 584 153 мың тонна (ИФО – 105,6 %) деңгейіне жетті.
2011-2017 жалдары ТМК өнімінің физикалық көлемі индексінің динамикасы:
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистикакомитеті
2017 жылы ТМК өндірісінің өсуі, шикізат өндіру көлемінің және ТМК көптеген кәсіпорындарында дайын өнім өндірісінің, оның ішінде KAZ MineralsPlc –да мыс кенін өндірудің, хром кенін өндірудің және «ТНК «Казхром» АҚ-да ферроқорытпа өндірісінің, мыс кенін өндірудіңжәне «Корпорация «Казахмыс» ЖШС-дамыс өндірісінің, «Соколов-Сарыбай» тау-кен өндiрiстiк бiрлестiгі» АҚ-да темір кенін өндірудің, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да болат өндірісінің және ҚР бірқатар көмір өндіру кәсіпорындарының ұлғаюына, сондай-ақ 2017 жылдан бастап іс жүзінде барлық базалық металл мен шикізатқа әлемдік бағаның өсуімен байланысты.
ТМК өнімдерінің экспорты мен импорты
2017 жылы барлық негізгі ұстанымдар бойынша экспорттың елеулі түрде өсуі байқалады. 2017 жылы экспортқа ТМК өнімдері12,1 млрд. АҚШдоллары мөлшерінде шығарылды. Бұл ретте, заттай мәніндегі ТМК өнімдерінің жекелеген түрлері экспортының көлемі, мысалға мыс концентраттары 81,9%, хром кені мен концентраттары23,2%, ферроқорытпа4,2%, көмір11,9%тегіс илектен алынған бұйым 10,5%ұлғайды.
ТМК кәсіпорындарының сыртқы сауда қызметінің динамикасы (соңғы 3 жылдағы экспорт және импорт)
мың АҚШ долл.
2017 жылғы ТМК өнімдерінің экспорты өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 43 % ұлғайды және 12 173,9 млн. АҚШ долл. құрады. Экспорттың өсуі ферроқорытпасын,тазартылған мыс, қорғасын, мыс кенінжәне мыс концентраттарын жеткізу көлемінің ұлғаюымен байланысты.
2017 жылы металлургия өнеркәсібі экспортының құрылымы тегіс илектен алынған бұйым – 21,4%, тазартылған мыс – 19,2%, ферроқорытпа – 18,1%, мыс кенін және мыс концентраттары – 8,9%, өңделмеген мырыш – 6,9%, өңделмеген күміс – 4,4%. (1-суретті қараңыз) құрады.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
2017 жылғы ТМК өнімдерінің импорты өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10% ұлғайды және 4 045 857 млн. АҚШ долл. құрады, бұл тегіс илектен алынған бұйым, құбырлар және қара металдан жасалған түтікшелер, мырыш кені мен мырыш концентраттары импортының ұлғаюымен байланысты.
2017 жылы металлургия өнеркәсібі импортының құрылымы тегіс илектен алынған бұйым– 36,4%, құбырлар және қара металдан жасалған түтікшелер– 8, 8%, мырыш кені мен мырыш концентраттары – 9,4%, қара металдан жасалған металконструкциялар – 7,1%, қара металдан жасалған өзге де бұйымдар – 6,6% құрады, (2-суретті қараңыз).
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Негізгі капиталға инвестиция
2017 жылдың қортындысы бойынша ТМК негізгі капиталына инвестиция көлемі 624,1млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 20% аз.
Мәселен, металл кенін өндіруге инвестиция көлемі337,7 млрд. теңгені құрады, бұлөткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 25,6 % аз, алайда өндіруші кәсіпорындардың өз қаржысынан бөлінген инвестицияның үлесі 55,2 %-дан 79,8 % ға дейін ұлғайды.
Көміржәне лигнит өндіруде инвестиция көлемі81,6 млрд теңгеге жетті, бұлөткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 165,9 % артық.
Металлургия өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі185,6 млрд. теңгені құрады, бұлөткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 44,7 % аз, алайданеғұрлым жоғарғықайтабөлiстерөнiмiндерінөндiретін кәсіпорындардың өз қаржысынан бөлінген инвестицияның үлесі 45,1 % -дан 87,4 %-ға дейін ұлғайды.
Сонымен қатар, көлемінің үлкен болмауына қарамастан, машина мен жабдықтардан басқа, дайын метелл бұйымдары өндірісінде инвестиция көлемі19,2 млрд теңгеге жетті, бұлөткен жылғы ұқсас кезеңге қарағандаекі есе көп.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
7-суреттегі сөздер: Металл кенін өндіру, Металлургия өнеркәсібі, Машина және жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Көмір және лигнит өндіру саласындағынегізгі капиталға инвестиция, млн. теңге
Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Уран өнеркәсібі
Қазақстанда өндірілетін уранның 80 % көбі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлемдік компаниялармен бірлескен кәсіпорындары шеңберінде жүзеге асырылуда. Өндіруде негізгі әріптестер французAreva, канада Cameco, ресей UraniumOne жәнеқытай CGNPCкомпаниялары сияқты жаһандық ірі компаниялар болып табылады. 2017 жылы Қазақстанның барлық кәсіпорындары бойынша өндіру жиынтығында«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үлесі шамамен 52 % құрайды.
Атом саласының негізгі өндіруші кәсіпорны Қазақстанның негізгі барлау қоры және уран-кені провинциясы болып табылатын Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
2017 жылы уран өндіру көлемі 23,4 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде бірінші орында.
Уран өндіру динамикасы, тонна
Дереккөз: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
[1]Тау-кен металлургия кешені метелл кендерін өндіру, көмір және лигнит өндіру сияқты қызмет түрлерін, металлургия өнеркәсібін және машина мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісін қамтиды