«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ базасындағы №85 «Жер қойнауын пайдалану және металлургия» стандарттау жөніндегі техникалық комитет (ТК)

ТК негізгі міндеттері:

1.1 ТК стандарттарды әзірлеу үшін және бекітілген стандарттау объектілері мен қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде тау-кен металлургия саласында құрылған тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

1.2 ТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамалық актілерін, мемлекетаралық және халықаралық келісімдерді, сондай-ақ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

1.3 ТК жұмысы ұлттық стандарттардың сапалық деңгейін арттыруға, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін оларды халықаралық стандарттармен үйлестіруге, сондай-ақ шетелдермен саудалық өнім (технологиялар, қызметтер) алмасқан кезіде болатын техникалық кедергілерді алып тастауға бағытталған.

1.4 ТК жұмыстарына әдістемелік басшылықты және үйлестіруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асырады.

ТМКК-ға мүше кәсіпорындар, ЖОО, аралас салаларды стандарттау жөніндегі мемлекеттік органдар мен техникалық комитеттер, мемлекетаралық техникалық комитеттер ТК мүшелері болып табылады.

ТК 85 «Жер қойнауын пайдалану және металлургия » мына стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттердің құрамына кіреді:

  1. ХКМ 007 «Болат шойын құбырлар және баллондар»

2.ХКМ 099 «Алюминий»

3.ХКМ 106 «Түсті метал прокаты»

4.ХТК 120 «Шойын, болат, прокат»

5.ХКМ 259 «Құбыр прокат арматурасы»

6.ХТК 269 «Тау-кен ісі»

Сондай-ақ 75 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінде»,

ТК 30 «Метрология», ТК 77 «Нанотехнологиялар», ТК 53 «Машина жасау, металлургия, құрылыс өнімдері мен қызметтерін сертификаттау»

2018 жылы ISO/TC халықаралық техникалық комитеттерінің мүшелігіне кіру жоспарланған

ТК №85 «Жер қойнауын пайдалану және металлургия» стандарттауының бекітілген объектілері:

— Түсті металлургия және шикізат

— Қара металлургия және шикізат

— Гидро және поли металлургия

— Қорытпалар

— Техногендік минералдық түзілімдер

— Тау-кен өндірісі

— Болат балқыту өндірісі

— Электрометаллургия

— Құю өндірісі

— Прокат өндірісі

— Құбыр өндірісі

— Металлтану және термоөңдеу

— Металдарды коррозиядан қорғау

ТК төрағасы Николай Владимирович Радостовец.

Комитет қызметінің мәселелері бойынша ТК жауапты хатшысы-Қалдарбек Әсел Алмасқызына хабарласуға болады,

Тел.: +7 7172 689 616, ф. 87172 689 602

Email: a.kaldarbek@agmp.kz