«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ базасында

Тәуелсіз бағалау және біліктілік тағайындау орталығын құру

 

Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (ТМКҚ) өз базасында пилоттық режимде Тәуелсіз бағалау және біліктілік тағайындау орталығын (бұдан әрі – ТББ) құру бойынша жұмыстарды жүргізуде.

ТББ құру бойынша қызметті үйлестіру мақсатында KazEnergy қауымдастығы мен ТМКҚ бастамасымен салааралық жұмыс тобы құрылып жұмыс істеуде, оның құрамына салаларда ТББ құру бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мақсатында, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері кірді.

«Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ тарапынан әзірленіп жатқан ТББ институционалдық моделі шеңберінде ТМКҚ мынадай іс-шаралар жүзеге асырды:

1)  ТжКБ жүйесінің оқу орындарында дайындалатын тау-кен металлургия кешені бойынша мамандықтарға талдау жүргізілді және орта мерзімді перспективаны ескере отырып (ТМК кәсіпорындарының инвестициялық жобаларына байланыстыра отырып) нарықта неғұрлым сұранысқа ие 15 мамандық анықталды;

2)  тау-кен металлургия саласында ТББ енгізу бойынша пилоттық жоба шеңберінде сертификаттаудан өту үшін тест тапсырмалары (теоритикалық және практикалық) әзірленетін аса жоғары сұранысқа ие 15 мамандықтар бойынша біліктілік талаптары әзірленді.

ТжКБ түлектеріне қойылатын әзірленген біліктілік талаптары жұмыс берушілердің, ТжКБ жүйесі оқу орындарының, тәуелсіз сарапшылардың және шетелдік консультанттардың қатысуымен әзірленген.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың барынша шоғырлануын және дамыған білім беру инфрақұрылымының болуын ескере отырып, біліктілікті тәуелсіз бағалау жүйесін өңірлік деңгейде дамыту жөніндегі мәселе пысықталуда. Осы мақсатта ТМКҚ тау-кен металлургия саласы үшін мамандар даярлайтын ТжКБ жүйесі оқу орындарының материалдық-техникалық базасын зерделеу мақсатында Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлеріне сапарлар ұйымдастырды.

2012 жылғы 13 маусымда облыс әкімі Ә. Қ. Құсайыновтың төрағалығымен өткен Қарағанды облысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы шеңберінде Қарағанды облысының әкімдігі мен ТМКҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары облыстағы ТББ дамыту, кәсіби стандарттарды әзірлеу, еңбек нарығына талдау жүргізу және т. б. болып табылады.

«Қазақстан Республикасында кәсіптік-техникалық білім беруді қолдау» атты Еуроодақ жобасы шеңберінде Дания Корольдігі мен Германия Федеративтік Республикасының ТББ жұмыс тәжірибесі зерделенді. Негізгі қорытынды Қазақстанда енгізіліп отырған тәсілдің аталған елдердің прогрессивті тәжірибесіне сәйкестігі болып табылады, онда барлық деңгейдегі мамандардың біліктілігін бағалау жұмыс берушілердің бірлестіктері тарапынан салалық бағытты ескере отырып жүзеге асырылады.

2012 жылдың шілде айында өткен Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің ІІІ съезінің қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарынан келген делегаттар ТМКҚ базасында тау-кен металлургия саласына ТББ енгізу жөніндегі ұсынысты қолдады. Қазіргі уақытта ТМКҚ қатысуымен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Тау-кен металлургия саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және оны тағайындау қағидаларының жобасын әзірледі. Жоба келісудің соңғы сатысында және жақын арада бекітілетін болады. Осылайша, ТМК-ға ТББ енгізу үшін қажетті құқықтық база құрылатын болады.

ТМКҚ бастамасымен 2012 жылғы 3 қазанда ҚР ИЖТМ жанындағы Тау-кен металлургия саласы үшін техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық кеңестің үшінші отырысы өтті, оның барысында тау-кен металлургия саласына пилоттық режимде ТББ енгізу мәселесі қаралды, сондай-ақ ТМКҚ-ның 15 мамандық бойынша біліктілік талаптарын әзірлеу жөніндегі жұмысының нәтижелері таныстырылды.

ТМКҚ қызметкерлері «НЦА» ЖШС-ның  American National Standards Institute (ANSI) сарапшыларын тарту арқыл ұйымдастырған ИСО/МЭК 17024 «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүргізетін органдарға қойылатын жалпы талаптар» бойынша оқудан өтті, бұл пилоттық жоба шеңберінде қауымдастықтардың аккредиттеу рәсімінен өтуі және қауымдастықтар базасында ТББ орталықтарының жұмысын бастауы үшін қажет.

ТМКҚ базасында Сертификаттау орталығын (персоналдың сәйкестігін бағалау және растау жөніндегі орган) құру бойынша дайындық жұмысы шеңберінде арнайы құрылымдық бөлімше – HR-жобалар орталығы құрылды, оның жұмысы ИСО/МЭК 17024  «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүргізетін органдарға қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестендірілді. ҚР СТ ИСО / МЭК 17024-2012 ұлттық стандарты бекітілгеннен кейін, ТМКҚ техникалық жағынан аккредиттеуге қажетті барлық рәсімдерден өтуге дайын. Пилоттық орталықтарды аккредиттеу үшін, сонымен қатар кәсіби стандарттарды, осы кәсіби стандарттар негізінде тест тапсырмаларының базасын әзірлеу қажет.