Радостовец Николай Владимирович - «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардыңреспубликалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры

«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Мүшесі, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор. РАЕН толық мүшесі (2016 ж.). Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Алматы халық шаруашылығы институтын (үздік дипломмен), КСРО ҒА докторлығын (Мәскеу) бітірген, Австрия, Англия, Мажарстан, Польша, АҚШ, Түркияда оқыған.

Еңбек жолын 1976 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында (экономист, кіші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қаз ССР Экономика ғылымы институтының ғылыми хатшысы) бастады.

Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

1998 жылы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы, кейін – Министр, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

1999 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. 2000 – 2004 жылдары «Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы» төрағасы, Вице-президенті болды. 2003 жылы – «Қазақстан экспортаушылар қауымдастығы» ЗТБ Бас директоры болды.

2004 жылдан бастап – «Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» РЗТБ президенті, 2005 жылдан бастап – «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, 2014 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Мүшесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы табысты жұмысы, өтпелі кезеңнің қиын жағдайында экономикалық реформаны жүргізуге, мемлекеттілікті нығайтуда, қоғамда тұрақтылықты сақтауда және ұлтаралық келісімде белсенді жәрдем көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Алғыс жариялады.

2007 жылы экономика және әлеуметтік саланы дамытудағы еңбегі үшін, мемлекеттік органдардағы қажырлы қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды, сондай-ақ «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, «Парасат» орденімен марапатталды.

Н.В.РадостовецҚазақстан Республикасының белсенді қоғам қайраткері болып табылады. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен монополияға қарсы – Қазақстан Республикасы заңнамасының жаңа бағыты қалыптасты, бүгінде ол ТМД қатысушы мемлекеттер арасында неғұрлым прогрессивті болып табылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған кезеңде Н.В.Радостовец ТМД-да бірінші болып Әлеуметтік әріптестік туралы заң қабылдауға бастамашылық жасады.

Қазақстанда отандық және шетелдік бизнес-қоғамдастықты біріктіруде белсене қатысты. Оның бастамасы бойынша «Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығы» (ЕӨҚ), «Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» (ТӨЭО) РЗТБ, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» (ТМКҚ) ЗТБ сияқты ірі кәсіпорындардың бірқатар республикалық бірлестіктері  құрылды.

Мұқанов Төлеген Мұқанұлы – атқарушы директорының бірінші орынбасары

«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті.

Г.Плеханов атындағы Ленинград тау-кен институтын бітірген.

Еңбек жолын Ленинград полиметалл комбинатында Ленинград шахта құрылыс басқармасынан бастады, шахтердан бастап ПТО аға инженеріне дейінгі жолды жүріп өтті.

Кейін Қазақ ССР Түрлі-түсті металлургия министрлігінде (жетекші инженер), «МонголСовцветмет» Бірлестігінде (Монғол Халық Республикасы, тау-кен басқармасының бас инженері), Қазақ ССР Түрлі-түсті металлургия министрлігінде (жетекші инженер), «Казвторцветмет» республикалық бірлестігінде (бас директордың орынбасары) жұмыс атқарды.

«Темір» акционерлік қоғамының бас директоры, «Бамт» өндірістік-коммерциялық фирмасының директоры болып табылады.

Өнеркәсіп және сауда; экономика және сауда; энергетика және минералдық ресурстар; индустриялар және сауда министрліктерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2004 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» РЗТБ вице-президенті, 2005 жылдан бастап «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары, 2015 жылдан бастап ТМКҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» меделімен, ЭМРМ, ИСМ мақтау грамоталарымен, ЭМРМ 3-ші дәрежелі «Шахтер даңқы», 3-ші дәрежелі «Кеншідаңқы» және ҚР Индустриялар және сауда министрлігінің, Индустриялар және жаңа технологиялар министрлігінің 3-ші дәрежелі «Еңбекдаңқы» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар федерациясының«Құрметті кенші», «Сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

ТМКҚ өндіріс және өнеркәсіп қауіпсіздігі, ТМК және көмір өнеркәсібінің салалық кәсіподағымен әлеуметтік әріптестік мәселесіне жетекшілік етеді. ҚР ИДМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

 

Манасбаева Бахыт Парланқызы– атқарушы директордың орынбасары

«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» РЗТБ вице-президенті.

Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен инженері – экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс істеді, жеке компанияның топ-менеджменті болды, «Корпорация Казахсельмаш» ЖШС-ның даму жөніндегі бас директорының бірінші орынбасары –директоры, Бас директорының кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде «НұрОтан» ХДП Фракциясының басшысы орынбасарының кеңесшісі, сондай-ақ «Қазақстан машина жасаушылар одағы» РЗТБ басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарын атқарды.

2008 жылғы наурыз айынан бастап «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары және«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» РЗТБ вице-президенті, лауазымдарында болды.

ҚР Индустриялар және жаңа технологиялар министрлігінің ІІІ дәрежелі «Кеншідаңқы» медалімен марапатталды.

ТМКҚ ТМКҚ мен ТӨЭО мүшелерінің іскерлік әріптестерді іздеу, шарттар жасасу, өнімдерді сатуды ұйымдастыруда жәрдем көрсету мәселелеріне және олардың сауда және экономикалық қызметті жүзеге асыруымен байланысты өзге де мәселелерге жетекшілік етеді.

ТМКҚ мен ТӨЭО кәсіпорындарымен бизнесті дамыту және мемлекеттік билік органдарында оларды білдіру бойынша жұмыс атқаруды жәнесауда және экономика саясатын жетілдіру, республиканың экспорттық әлеуетін дамыту және сыртқы сауда қызметін реттеу бойынша ұсыныстарды басқаруда.

Халықаралық ұйымдармен сауда қатынасын дамыту мәселесі бойынша ынтымақтастық. Мемлекеттік органдарға республиканың өнеркәсіп және экспорттық әлеуетін дамыту және сыртқы сауда қызметін ынталандыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға бағытталған ұсыныстар енгізу.

ТМК кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, техникалық реттеу, ұлттық және мемлекетаралық деңгейде мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ саланың кәсіби стандарттарын әзірлеу және сараптама саласындағы жобаларды іске асыру. Салалық форумдар, конференциялар, съездер өткізу. Республикалық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік органдарда ТМКҚ мен ТӨЭО мүшелерінің мүддесін білдіру және қорғау . 

«НұрОтан» ХДП жанындағы ТМКҚ алғашқы ұйымы төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ техникалық кеңес мүшесі, Геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы, Қазақстан-Үнді іскерлік кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті Әкімшілігінде  «Алтын Сапа» ҚР Президенті сыйлығы Комиссиясының мүшесі.

Закариянов Ербол Қызайбайұлы – атқарушы директордың орынбасары

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін «Тау-кен инженер – технолог» мамандығы, Е.А.Букетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқық тану» мамандығы бойынша бітірген.

Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған Мемлекеттік лицензиясы, мүлікті басқару жөніндегі қызметпен және банкроттық рәсімдерінде төлеуге қабілетсіз борышкерлердің ісімен айналысуға арналған Мемлекеттік лицензиясы, «Жобаларды басқару» ThunderbirdWorldwideKazakhstan №964 KZ Сертификаты бар.

Ғылыми-зерттеу бөлігінде инженер және Қазақ политехникалық институтында оқытушы болып жұмыс істеді. ҚазССР ҒА Тау-кен ісі институтының «Жерасты кен орындарын әзірлеу» зертханасының ғылыми қызметкері болған жылдары 20-дан аса ғылыми еңбек жазып жариялады, 5 өнертабыстың авторы болды.

1996 – 1999 жылдары «РИНГ» консалтинг фирмасын басқарды, 1999-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Кәсіпорындарды ұйымдастыру және тарату жөніндегі агентігі» ААҚ конкурстық өндірісі бөлімін басқарды.

2002-2006 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Бонкроттық рәсімін жүргізуді бақылау басқармасының бастығы. «Астана-инжиниринг-БС» ЖШС, «Юпитер»ЖШС басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, AAC Group (AccountandConsultingCompanyGroup) сарапшысы болып табылды.

2009-2013 жылдары ТМКҚ Жер қойнауын пайдалану және жергілікті құрам департаменті директоры лауазымын атқарды. 2014 жылдан бастап – «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Құрмет грамотасымен, II және III дәрежелі «ЕңбекДаңкы» белгісімен марапатталды.

ТМКҚ-да жер қойнауын пайдалану, жергілікті құрамды дамыту, жер қойнауын пайдаланушының сатып алуын, ТМК кәсіпорындарының инновациялық қызметі және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

ҚР ЭМ Қоғамдық кеңесінің,«Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы Геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің, ҚР ЭМ жанындағы мұнай және газ кен орындарын әзірлеу бойынша орталық комиссиясының, ҚР ЭМ жанындағы Көмірсутегі шикізаты, көмір және уранға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша комиссиясының  мүшесі, ҚР ИДМ жанындағы Сарапшы кеңесінің, «НАТР» АҚ сарапшы комиссиясының, KAZRС Қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің  мүшесі.

Кононов Максим Сергеевич – атқарушы директордың орынбасары

С. Демирел атындағы Университетін (үздік дипломмен) бітірген, 2010 жылы Stratega WCM Ltd  кіші консультант болып жұмыс істеді.

2010 жылы – ТМКҚ талдау департаментінде сарапшы, 2012 жылдан бастап ТМКҚ Талдау департаментінің директоры. 2014 жылы ТМКҚ атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды.

ТМКҚ-да ТМК кәсіпорындарын көліктік қамтамасыз ету, қызметті және бәсекелестікті реттеу, салық салу, сыртқы экономикалық қызметті, халықаралық ынтымақтастықты, стратегиялық жоспарлау мен дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. ТМКҚ талдау жұмысын ұйымдастыру, шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, қауымдастықтың халықаралық бастамашылықтарға және жобаларға қатысуын қамтамасыз ету.

Сейітбеков Темірлан Едікұлы — Атқарушы директордың құқық мәселелері жөніндегі орынбасары

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтану магистрі.

«Имаш» адвокаттық кеңсесінде (1999-2000 жж.), «Legis» заң фирмасында (2000-2004 жж.) жұмыс істеді. 1999-2004 жылдары – «Инвестициялық және қаржылық құқық» кафедрасының ассистенті, 2006-2007 жылдары – «Қазинвест» инвестицияларға жәрдемдесудің қазақстандық орталығы» ЖШС заң бөлімінің бастығы, 2007-2009 жылдары – «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ Корпоративтік басқару департаментінің бас менеджері, 2010-2013 жылдары – «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ заң басқармасының бастығы.

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің концессиялық жобалар басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.), ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Заң басқармасының бас сарапшысы (2014-2016 жж.), ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Заң басқармасының бастығы (2016-2018 жж.) қызметтерін атқарды.

2019 жылдан 2022 жылға дейін — ТМКҚ Заң департаментінің директоры, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ТМКҚ Атқарушы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.

Функционалдық міндеттері:

ТМКҚ-ның қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне, азаматтық, еңбек, экологиялық, әкімшілік заңнама, әлеуметтік әріптестік, НҚА жобаларын сараптау, шарттар, бұйрықтар және өзге де құжаттар мәселелеріне жетекшілік етеді.

 

Мананбаева Жанна Боранбайқызы – Атқарушы директордың көмекшісі

North-WestUniversity (Қытай Халық Республикасы, Солтүстік Батыс Университеті) «Халықаралық экономика және сауда» мамандығы бойынша бітірді.

ТМКҚ-да ТМК кәсіпорындарында кадрлық қамтамасыз ету, кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және сараптама жасау мәселелеріне, сондай-ақ  қауымдастық әріптестеріне сервистік қолдау, ТМКҚ салалық іс-шараларға және көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етеді.

Қалдарбек Әсел Алмасқызы – Техникалық реттеу және метрология департаментінің директоры

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша техникалық ғылым магистрі дәрежесін алды.

2013 жылы – ТМКҚ Стандарттау бойынша сарапшы, 2015 жылы – ТМКҚ Техникалық реттеу және метрология бөлімінің бастығы.

ТМКҚ-да кадрмен қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастық, стандарттау және техникалық реттеу, ұлттық, мемлекетаралық және алдын ала ұлттық стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және сараптама жүргізу мәселелеріне жетекшілік етеді. «Жер қойнауын пайдалану және металлургия» №85 стандарттау бойынша техникалық комитеттің  жұмысын жүргізеді, «НұрОтан» ХДП жанындағы ТМКҚ алғаш ұйымдастырады.

№75, №30, №72 стандарттар бойынша техникалық комитеттің  мүшесі.

Қазақстан Республикасының атынан№007, №099, №106, №120, №259, №269 стандарттар бойынша халықаралық техникалық комитеттің  өкілі.

Бисенова Гүлназ Қынабылқызы – Экология департаментінің директоры

Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ  ұлттық техникалық  университетін  «Инженерлік экология» мамандығын бітірді.

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Көлік, көліктік техника және технология» мамандығы бойынша бакалавр мен магистратураны бітірді.

2013−2016 жж. – «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ Техникалық және кәсіби білімді қамту басқармасының жетекші сарапшысы; Техникалық және кәсіптік білім беруді сертификаттау, біліктілік, инспектрлеу және ұйымдастыруды саралау департаментінің жетекші сарапшысы.

2016 жылғы  желтоқсаннан бастап – ТМКҚ Жер қойнауын пайдалану департаментінің сарапшысы.

2019 жылғы қарашадан бастап – ТМКҚ Жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінің директоры.

2021 жылғы қарашадан бастап – ТМКҚ Экология департаментінің директоры. 

 

 

Функционалдық міндеттері

 

ТМКҚ-да экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жетекшілік етеді (заң шығару қызметіне қатысу, нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасау, салалық іс-шараларға қатысу және басқалар).

 

Жолдыбаев Алишер Азатұлы – Талдау департаментінің директорi.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу шеңберінде The University of Edinburgh-да «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап – Талдау департаментінің сарапшысы.

Функционалдық міндеттеріне сыртқы экономикалық қызмет, халықаралық ынтымақтастық, қауымдастықтың халықаралық бастамалар мен жобаларға қатысуын қамтамасыз ету саласындағы талдамалық жұмыс, сондай-ақ НҚА жобаларын сараптау жатады.

 

Итжанова Ақмарал Бейсембайқызы – Жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін  «Халықаралық құқық» мамандығы  бойынша (үздік дипломмен) бітірген. 

2015 жылдың шілдесінен  бастап  – ТМКҚ Заң департаментінің  сарапшысы

2021 жылдың  қарашасасынан бастап  –  ТМКҚ Жер қойнауын пайдалану  және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің  директоры  

Функционалдық міндеттері:

Жер қойнауын пайдалану, жергілікті қамтуды дамыту, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдері, ТМК кәсіпорындарының инновациялық қызметі, инвестициялық жобаларды іске асыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік және цифрлық технологиялар саласындағы құжаттарды дайындау бойынша жұмысқа қатысады.